«Бас директоры - туған келіні, төрағасы – бажасы»: тұрғындар жер дауына қатысты бас көтерді
«Бас директоры - туған келіні, төрағасы – бажасы»: тұрғындар жер дауына қатысты бас көтерді
226
оқылды
Егін егіп нәпақаларын тауып отырған ауыл тұрғындары бір жылдан бері Үкіметтен 49 жылға жалға берілген жерлерін құрылтайшылардан қайтара алмай отырғанын айтады. Аудан төңірегінде мәселе шешілмеген соң облыс орталығына келуден басқа амал қалмады дейді диқандар. Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды. Жалағаш ауданына қарасты Мырзабай ахун ауылының диқандарынан береке қашқанына 9 айдың жүзі болыпты. Олар осы уақыттан бері өздеріне тиесілі егістік жерлерін қайтара алмай жүр. Ауылда егін егуге арналған 169 гектар жерді 67 құрылтайшы бөліп алып, күріш егеді. Мырзабайлықтар болса жерден еш пайда көрмей отырмыз дейді. Тек егін орылып, жиналған соң адам басына 7 келі күріш тиесілі екен. Сағынтай Әбілдаев, Мырзабай ахун ауылының тұрғыны: – Бұның барлығына ықпал жасап жатқан Шағыртаев Имамзада - Қызылорда облыстық мәслихаттың депутаты. Біздікі егінші ауыл ғой, соның ген. директоры - өзінің туған келіні, зам. директоры - туған баласы, төрағасы - бажасы, жақын бажасы Жалғасов Шағдат деген. Сосын ауыл әкімі - туған балдызы. Енді осы барлығы сыбайлас жемқорлық емес пе? Шаруалар карантин талаптарына байланысты ішке кіре алмады. Ал облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы бұл мәселені тек сот шешеді деп отыр. Сұлтан Мақашев, Қызылорда облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы: – Соттың шешімін күтейік деп тұрғаным оны қазір барып төрағаны иә прокурор, иә басқа, иә әкімдік барып мынаны өткізесіңдер деп жүктей алмайды. Оны тек сіз сотқа жүгіндіңіз бе, сот ғана жүктей алады. Міне өткізесің, міндетті түрде жиналысынды жасайсың, мына күні шақырасың деп. Бір-ақ нәрсе кедергі. Егер егін басталып кетіп, сіздер айтып отырған жерлерге егін салып қойылған болса оны соттың өзі де жүктей алмайтын шығар. https://www.youtube.com/watch?v=AJLyicyNRWA&ab_channel=%D0%9F%D0%B5%D1%80%D0%B2%D1%8B%D0%B9%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D0%95%D0%B2%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%B8%D1%8F