Шымкентте сәбидің басына кептеліп қалған кастрөлді ата-анасы шеше алмады
Шымкентте сәбидің басына  кептеліп қалған кастрөлді ата-анасы шеше алмады
198
оқылды
Шымкентте бір жарым жасар бүлдіршін кастрөлмен ойнап жүріп, басына киіп, оны шеше алмай қалған. Ыдысты ата-анасы да шешіп ала алмаған соң, көмекке құтқарушыларды шақырған, – деп жазады ҚазАқпарат. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кастрөл баланың басына тығыз киіліп қалған. Сондықтан оны ата-анасы шеше алмаған. Бұл оқиға туралы құтқару қызметіне күндізгі сағат 12.40-та хабарлама келіп түскен. Бүлдіршіннің үйіне бас құтқарушы К. Нұсқабаевтың басшылығымен 4 қызметкер келген. Олар келгенде жылап шаршаған бала ұйықтап жатқан.
«Құтқарушылар өсімдік майын қолданып, абайлап және нақты іс-қимылмен 15 минут ішінде кішкентай бүлдіршіннің басынан кастрөлді алып тастады. Баланың басына зақым келмеген», – делінген хабарламада.