Алматылық жүргізуші ер адамды ұрып-соғып, оқиға орнынан қашып кеткен
Алматылық жүргізуші ер адамды ұрып-соғып, оқиға орнынан қашып кеткен
123
оқылды
Алматылық жүргізуші ер адамды ұрып-соғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиғаның видеосы  Telegram арналарының бірінде жарияланды. Видеода Infiniti иесі Toyota Mark II автокөлігіне жол бермей, қарсы жолаққа шығып кетуге тырысқан. «Белгісіз себептермен ол менің ағама жолығып, оны ес-түссіз күйде ұрып, оқиға орнынан қашып кеткен. Менің ағам ауруханада 6 күн жатыр. Әлі ешкім кешірім сұраған жоқ», – деп шағымданады видео авторы. Алматы қаласының Полиция департаменті бұл фактіні қазіргі уақытта Бостандық ауданының полиция бөлімі аумақ бойынша тексеріп жатқанын хабарлады. Оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.