Дауылды ескерту: Елімізде бұршақ пен аяз күтіледі
Дауылды ескерту: Елімізде бұршақ пен аяз күтіледі
116
оқылды
Синоптиктер Қазақстанның 10 облысы үшін дауылды ескерту жариялады. 11 мамырда найзағай, бұршақ, аяз болады деп күтілуде. 11 мамырда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. 11-12 мамырда кей жерлерде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз 11 – тәулік бойы 12 мамырда кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.  Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.  Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде 1 градус үсік күтіледі.