Синоптиктер Қазақстанның 10 облысы үшін дауылды ескерту жариялады. 11 мамырда найзағай, бұршақ, аяз болады деп күтілуде. 11 мамырда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. 11-12 мамырда кей жерлерде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз 11 – тәулік бойы 12 мамырда кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с. Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде 1 градус үсік күтіледі.