ШҚО-дағы орман өрті 35 үйді шарпыды
ШҚО-дағы орман өрті 35 үйді шарпыды
112
оқылды
Шығыс Қазақстан облысындағы Риддерде 35 үй мен 9 шаруашылық құрылысы өртенді. Төтенше жағдайға байланысты көмекке мұқтаж жандар үшін жедел желі нөмірі іске қосылды. ШҚО бойынша ТЖМ дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды. Көмекке мұқтаж адамдар 8(7232) 55-38-19 нөміріне қоңырау шала алады. Жедел желі нөмірі бойынша психологтар жұмыс істейді. [caption id="attachment_135779" align="alignnone" width="800"] width= Фото: ТЖМ[/caption]
"Қазіргі уақытта өрт орнында жергілікті атқарушы органдардың, ШҚО ТЖМ Өрт сөндіру бөлімшелерінің және орман шаруашылығының жеке құрамынан 208 адам және 47 дана техника жұмыс істейді. Жану алаңы - 310 га. Өртті сөндіру үшін күш пен құрал жеткілікті. Оқиға орнына қосымша 3 автоцистерна мен 15 құтқарушы барады. Қажет болған жағдайда көмекке көмекші техника жұмылдырылады", – деп хабарлады ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
https://www.youtube.com/watch?v=hyPVQr336lk&feature=emb_title