ШҚО-дағы орман өрті: Президент зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды
ШҚО-дағы орман өрті: Президент зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды
128
оқылды
Президент өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды. Бұл туралы өзінің Facebook-тағы парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды. "Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл мәселені Президент өз бақылауында ұстап отыр", – деп жазады Берік Уәли. Өрт болған орманда 100-ден астам адам жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге МИ-8 және МИ-2 тікұшақтары тартылды. Қазір өрт аумағы 310 гектарға жеткен болатын.