СҚО-да 6 ай бұрын жоғалып кеткен балықшының денесі табылды
СҚО-да 6 ай бұрын жоғалып кеткен балықшының денесі табылды
174
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылдың қазан айында жоғалып кеткен 57 жастағы балықшының денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар балықшының денесін Пчелино ауылынан 11 км. қашықтықта жатқан Чистое өзенінен тапқан. Ер адамның денесі қамыстардың арасынан табылды және ол сот-медициналық сараптамаға жіберілді. 2020 жылдың 31 қазанында балықшы өзінің немересімен бірге өзенге келген. Одан әрі ол қайықпен судың ортасына кетіп, қайтып оралмаған. Немересі өзен жағалауында демалып жүргендерден көмек сұраған. Кейінірек аударылып қалған қайық табылды. Балықшыны іздеу жұмыстары суға мұз қатқанға дейін жүргізілген. Мұз еріген соң іздеу жұмыстары қайта жалғасқан еді.