Риддер қаласындағы өрттің шығуына қатысы бар күдікті табылды
Риддер қаласындағы өрттің шығуына қатысы бар күдікті табылды
125
оқылды
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Риддер қаласындағы өрттің шығуына қатысы бар күдіктіні анықтап, тапқанын хабарлады.
"Риддер қаласында өрттің пайда болу фактісі бойынша күдікті ұсталды, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабы екінші бөлігі санкциясына жататын іс-әрекетті (отты ұқыпсыз қолдану) жасады деген күдікке ілінді", – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.
Істің мән-жайы мен күдіктінің жеке басына қатысты ақпарат әзір жария етілмейді. Қазақстан Қылмыстық кодексіне сәйкес, осы бапқа жататын қылмыс 2 мың АЕК (5,5 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл салуға, не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тартылады.