Тұрмысы нашар отбасының балалары тұзды үңгірде тегін емделеді
Тұрмысы нашар отбасының балалары тұзды үңгірде тегін емделеді
318
оқылды

Олар жергілікті сауықтыру орталығында галотерапия алады. Орталық жетекшісі Мақсат Мүсілім биыл ақпанда №1 емхана жанындағы «Ғибрат» орталығымен бірге қызмет көрсету туралы келісімге келді.

Емделуге ЖРВИ, бронхит, пневмония, құлақ-мұрын қуысы аурулары бар балалар мен жасөспірімдер барады. Галотерапия иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі.

Бір емнің уақыты – 45 минут. Осы уақытта балалар ойын ойнап, құмға сурет салады, мультфильм көреді. Осыған дейін 80-ге жуық бала ем алды.

Мақсат Мүслімнің айтуынша, баланың иммунитетін нығайтуға тұзды үңгірдің пайдасы орасан зор.