Олар жергілікті сауықтыру орталығында галотерапия алады. Орталық жетекшісі Мақсат Мүсілім биыл ақпанда №1 емхана жанындағы «Ғибрат» орталығымен бірге қызмет көрсету туралы келісімге келді.
Емделуге ЖРВИ, бронхит, пневмония, құлақ-мұрын қуысы аурулары бар балалар мен жасөспірімдер барады. Галотерапия иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі.Мақсат Мүслімнің айтуынша, баланың иммунитетін нығайтуға тұзды үңгірдің пайдасы орасан зор.Бір емнің уақыты – 45 минут. Осы уақытта балалар ойын ойнап, құмға сурет салады, мультфильм көреді. Осыған дейін 80-ге жуық бала ем алды.