11 мамырға арналған ауа райы болжамы
11 мамырға арналған ауа райы болжамы
97
оқылды

Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тұман түсіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Қостанай облыстарында тұман түсіп, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл, Қарағанды облыстарында найзағай ойнап, тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарында жел 15- 20 м/с жылдамдықпен соғады. Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облысында найзағай ойнап, түнде Маңғыстау облысында жел 15- 20 м/с жылдамдықпен соғады. Алматы, Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, жел 15- 20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды, ауа райы құбылып, бұршақ жаууы ықтимал. Батыс Қазақстанда дауыл соғады. Түркістан облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, таулы аймағында найзағай ойнайды. Солтүстік Қазақстанда үсік жүреді. Қызылорда облысында өрт қаупі бар.