Жертөледегі автотұрақта тұрған көлік өртенді
Жертөледегі автотұрақта тұрған көлік өртенді

Төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы хабар кеше түнгі сағат 22:00 шамасында түскен. Өрт «7Я» тұрғын үй кешенінің аумағында болған.

«Өрт «7Я» тұрғын үй кешенінің автотұрағында тұрған Largus маркалы көліктен шыққан. Жанында тұрған Toyota маркалы көлікті де өрт шарпыды. Жалын толықтай 22:36-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – деді өрт сөндірушілер.