Дәрігерлер 23 жастағы қызға вакцинаның 6 дозасын салып жіберген
Дәрігерлер 23 жастағы қызға вакцинаның 6 дозасын салып жіберген
124
оқылды

Дәрігерлер абайсызда Италия тұрғынына Pfizer және BioNTech вакцинасының алты дозасын салып жіберген, - деп жазады Medical Xpress.

23 жастағы қыз Италияның Масса-Каррара провинциясындағы ауруханаға вакцина салдыруға барған. Ал медбике қателесіп, науқасқа алты дозаға есептелетін ампуланы толығымен салған. Негізі, төртеуден көп болса, артық мөлшерде доза салынды деп есептеледі. Вакцинадан кейін науқастың басы ауырып, шаршап, қолы ауырған. Қазір ол ауруханада жатыр. Жағдайы қалыпты, сұйықтық көп ішеді және парацетамол қабылдап жатыр. Қыз қателескен медбикені сотқа бермейтінін айтқан.