Бақытты келіншек болудың сыры неде?
Бақытты келіншек болудың сыры неде?
159
оқылды

Соңғы уақытта қыз-келіншектердің қоғамдағы рөлі туралы тақырыптар жиі көтеріліп жүр. Айқын мақсаты мен асқақ арманы бар қазақ арулары көп болса, ұлттың әлеуеті жоғары болары сөзсіз.

Жаңа кітапта бақытты келіншек болудың құпиясы жазылған. Автор оқырманға ақыл айтумен шектелмей, өзінің көргені мен түйгенін шынайы өмірі арқылы нақты мысалдармен пайымдайды. Білгенімен бөліседі. Маңызды тақырыптарды ұлттық дүниетаным мен заманауи құндылықтарды сүзгіден өткізіп, түсіндіреді.

«Бақытты келіншек кітабы» – деректі, мотивациялық еңбек. Түрлі менталитетті үлгі ететін аударма кітаптардан басты артықшылығы да сол. Кітап бірнеше бөлімнен тұрады. Кітап ару қыздар мен аяулы жар, ардақты аналарға арналған.

Кітап авторы Алма Сайлауқызы – журналист, телепродюсер, PhD доктор, көпбалалы ана. Шетелге саяхаттары туралы жолсапар очерктерімен танымал. Телевизия саласында 15 жылға жуық жұмыс істеп, ұлттық руханият туралы хабарларға продюсерлік еткен. Соңғы 7 жылдан бері университетте дәріс береді. Отбасымен «Мерейлі отбасы» байқауына қатысқан. Кітаптың тұсаукесері Нұр-Сұлтан қаласындағы Rixos President Astana қонақүйінің салтанат залында 14 мамыр, жұма күні сағат: 12.00-де өтеді.