Риддердегі өртке кінәлі адамның кім екені белгілі болды
Риддердегі өртке кінәлі адамның кім екені белгілі болды

Полицияның мәліметінше, 10 мамырда басталған өртке байланысты тергеу басталды.

Қылмыстық кодекстің 204-бабы 2-бөлігі бойынша қозғалды. Осы баптың санкциясы 2 мың АЕК (5 миллион 834 мың теңгеге дейін ред.) мөлшерінде айыппұл салынады немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

«Өртке кінәлі күдікті ұсталды. Бұрын сотталмаған, жұмыс істейтін Риддер қаласының 35 жастағы тұрғыны», – деді Полиция департаменті басшысының орынбасары Елдос Закимов.

Арнайы жедел тергеу өрттің себебін бүге-шігесіне дейін зерттеп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Бұған дейін Лесхоз кентіндегі өртті 500-ден аса адам сөндіргенін хабарлаған болатынбыз.