Аймағамбетов биыл оқушыларға соңғы қоңырау қалай өтетінін айтты
Аймағамбетов биыл оқушыларға соңғы қоңырау қалай өтетінін айтты
115
оқылды
Соңғы қоңырау іс-шарасын 9 және 11- сынып бітірушілеріне ашық ауада өткізуге рұқсат беріліп отыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.
"Соңғы қоңырау іс-шарасын 9 және 11- сынып бітірушілеріне санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, ашық ауада өткізуге рұқсат беріліп отыр. Бұл оқушылар үшінші тоқсаннан бастап негізінен дәстүрлі форматта әрі онлайн форматта оқыды. Сондықтан бұл екі шешім бір-бірімен үйлесіп отыр. Аттестат беру рәсімін де осындай форматта өткізуді жоспарлап отырмыз. 9 және 11- сынып түлектері үшін қабылданған осындай шешімді дер кезінде ата-аналарына жеткізіп, тиісті дайындық жұмыстарын өткізу керек", - деді министр ведомствоның аппарат жиналысында.
Осы орайда, А.Аймағамбетов маска тағу режимін, әлеуметтік арақашықтықты, сондай-ақ басқа да санитарлық талапты сақтау бойынша нақты жұмысты жүргізуді тапсырды. Осы талаптар сақталғанда және ашық таза ауада өткізгенде ғана тиісті рұқсат беріледі.