Грузияда қаза тапқан қазақ қызының анасы Айсұлу Айтпаева грузиндік журналистерге қызы Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты сұрақтарға жауап берді. Анасының айтуынша, ол соңғы рет Әселдің өліміне дейін қызымен екі сағат бұрын сөйлескен. Қызы оны Грузияға келуге шақырған. Әсел Айтпаева қайтыс болған соң ол Грузияға мәйітті тану үшін ұшып келген.
"Мен үшін ауыр күн болды, баламды тануға бардым. Иә, шынымен өз қызым екен. Мен бәрібір оны өлтірді деп ойлаймын. Аудиохабарламаға сүйеніп отырмын, онда бәрі айтылған. Бұл суицид емес. Маған Әселді итеріп жіберген сәтті көршілері видеоға түсіріп алғанын айтты. Ол адам бар болса, полиция бөлімшесіне баруын сұраймын. Бүгін кешке қызымның денесін Қазақстанға алып кетемін", - деді Айсұлу Айтпаева.Айсұлу Айтпаева қызын бірнеше ер адам өлтірді деп күдіктенеді. Айтуынша, олардың бірі Қазақстанға қайтып келген. Осыған байланысты ол екі елдің билігінен күдіктілердің бірін Грузияға депортациялауға көмектесуін сұрады. Бұған дейін Грузияда қазақ қызының көз жұмғаны туралы хабарлаған болатынбыз. https://www.youtube.com/watch?v=J0FNROdvbTQ&t=28s