«Nur Otan» партиясының қызметкерлері өрттен зардап шеккен Риддер тұрғындарына біркүндік жалақысын аударады
«Nur Otan» партиясының қызметкерлері өрттен зардап шеккен Риддер тұрғындарына біркүндік жалақысын аударады
103
оқылды
Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында шыққан өрттің салдарынан 35 үй мен 9 шаруашылық құрылысы өртенді. Өрттен зардап шеккендерге «Nur Otan» партиясы көмек көрсетеді.  Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
"Nur Otan" партиясы Орталық аппаратының ұжымы өрттен зардап шеккен Риддер тұрғындарына көмек қорына біркүндік жалақыларын аударады", - деп жазды ол.