Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында шыққан өрттің салдарынан 35 үй мен 9 шаруашылық құрылысы өртенді. Өрттен зардап шеккендерге «Nur Otan» партиясы көмек көрсетеді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
"Nur Otan" партиясы Орталық аппаратының ұжымы өрттен зардап шеккен Риддер тұрғындарына көмек қорына біркүндік жалақыларын аударады", - деп жазды ол.