Нұр-Сұлтанда мектептен 175 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Нұр-Сұлтанда мектептен 175 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Нұр-Сұлтандағы жекеменшік мектептен жарылғыш затқа қатысты хабарлама түскен соң 175 адам қауіпсіз жерге шығарылды, - деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

"Полицияға "102" арнасына  11.32-де Astana Garden School  жекеменшік мектебінің электрондық поштасына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келгені туралы арыз түсті. Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері жетті.  Мектептен 175 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Жарылғыш зат табылған жоқ", - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері ҚР  ҚК 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұған дейін Қазан қаласында белгісіз біреулер мектепте оқушыларға оқ жаудырып, 11 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Астана | Astana | Nur-Sultan (@astana.times)