Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласындағы гимназияда ресейлік оқушылардың қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.– Осынау қиын-қыстау сәтте балалары қайтыс болған отбасылардың ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын, – делінген жеделхатта.Бұған дейін Қазан қаласында белгісіз ер адамның мектепте оқушыларға оқ жаудырып, 11 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.