Бурабайда немереcі туған әжесін тонап кетті
Бурабайда немереcі туған әжесін тонап кетті

82 жастағы Бурабай ауданында тұратын кейуана банк картасынан 100 мың теңгеден астам қаражаттың жоғалып кеткенін анықтаған. Қария дереу полицияға арыз беріпті.

«Бурабай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне телефон шалған қария 6 мамыр күні күндізгі сағат 10.00 шамасында «Халық банк» картасынан қаражаттың белгісіз себептермен жоғалғанын анықтапты. Қаражат сомасы 150 мың теңгеден асып жығылған. Ал тергеу барысында тергеушілер қызық жағдайға тап болды. Кейуананың зейнет ақшасынан жинаған қорын туған немересі қолды еткен болып шықты», - дейді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Жедел іздестіру шарасы барысында полицейлер 37 жастағы әйелді полиция бөліміне жеткізді. Ол полиция қызметкерлеріне картаны өз еркімен алып, қаражатты жұмсап жібергенін мойындады.

Қазір аталған факт бойынша Қылмыстық Кодекстің 389-бабы «Өзінше билік ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы