«Вакциналау төлқұжатын 15 мың теңгеден сатқан»: дәрігерлер түсініктеме берді
«Вакциналау төлқұжатын 15 мың теңгеден сатқан»: дәрігерлер түсініктеме берді
192
оқылды
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы №4 емханада вакциналау төлқұжаты сатылғаны туралы ақпарат пайда болды. Жазба авторы "денсаулық сақтау қызметкерлері, оның ішінде бас дәрігерлер тарапынан жасалған жалғандық, немқұрайлылық, бақылаудың жеткіліксіздігі деңгейіндегі мұндай фактілер жаппай вакциналау процесінің құнын жоғалтады, мұндайда стратегиялық ауытқушылыққа әкеліп соғатын дәрілік заттар, жеке қорғаныс құралдары, медициналық мақсаттағы заттарды сатып алуды жоспарлауға қатысты бөліктің статистикасында қателер анықталады, ал бұл дегеніңіз қазірдің өзінде саяси мәселе " деп санайды. Жазба авторы №4 қалалық клиникалық емханасының бас дәрігері осы факті анықталғаннан кейін өз еркімен жұмыстан кеткенін де нақтылайды, – деп жазады Zakon.kz. Емхана әкімшілігі бұл жағдайға былай түсініктеме берді: – Алматы қаласының №4 емханасының медицина қызметкерлерінің іс-әрекетіне қатысты, негізінен, "өтірік вакциналау" фактілерін анықтау тұрғысындағы материалдар тиісті шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілді, - деді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Мақпал Сералинова.