Жәрдем үшін бір күндік жалақысын аударды
Жәрдем үшін бір күндік жалақысын аударды
106
оқылды

Мәжілісмендер Риддерде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін біркүндік жалақысын аударды. Шығыс Қазақстан облысының осы қаласында болған алапат өрттің салдарынан 37 үй отқа оранып, жанып кетті. Өкінішке қарай, бір адам қаза тауып, екі адам жараланған.

Палата Спикері Нұрлан Нығ­матулиннің төрағалығымен Мәжіліс бюросы Риддердегі тұрғындарға көмек көрсету үшін палата депутаттарының біркүндік жалақысын аудару туралы қаулы қабылдады. Қаражат Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында ор­ман өрті салдарынан зардап шеккен тұр­­­ғындардың үйлерін қалпына келтіруге бағытталады.

Е.ЕРДЕН