Мәжілісмендер Риддерде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін біркүндік жалақысын аударды. Шығыс Қазақстан облысының осы қаласында болған алапат өрттің салдарынан 37 үй отқа оранып, жанып кетті. Өкінішке қарай, бір адам қаза тауып, екі адам жараланған.
Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс бюросы Риддердегі тұрғындарға көмек көрсету үшін палата депутаттарының біркүндік жалақысын аудару туралы қаулы қабылдады. Қаражат Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында орман өрті салдарынан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін қалпына келтіруге бағытталады.Е.ЕРДЕН