Депутаттар өртенген үйді жөндеп берді
Депутаттар өртенген үйді жөндеп берді
123
оқылды

«Nur Otan» партиясы Түркіс­тан облысы Қазығұрт аудандық филиалының қоғамдық қа­былдау бөлмесіне жалғызбасты ана П.Келесбаева хабарласты. Оның үйінде өрт шығып, тілсіз жаудың салдарынан тұрғын үй тұруға жарамсыз болып қалған. Жиһаздары да жанып кеткен.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Есімхан Исақұ­лов тұрғынның өтінішін  назарға алып, басқа депутаттарды да көмек көрсетуге жұмылдырды. Нәтиже­сінде, облыстық және аудандық мәслихаттың бір топ депутаты қар­жылай көмек көрсетіп, үйді толық жөндеуден өткізіп, қалпына келтіріп берді. Сонымен қатар жергілікті депутат Марат Нұрланұлының кө­мегімен тұрғын үй құжаттары да ретке келтірілді. Халық қалаулыларына алғысын білдірген жалғызбасты ана партия­ның аудандық филиалына арнайы барып, партия қатарына өтуге өті­ніш берді. Қазығұрт ауданында мұндай игілікті істер аз емес. «Nur Otan» фрак­циясының өкілі, аудандық мәслихат депутаты Айкүл Ақынға­зиева қоғамдық қабылдауда Қарабау ауылының тұрғыны Қ.Жұматаевтың жағдайын тың­дады. Тұрғын екі жыл­дан бері ден­сау­лығына байла­нысты мүгедектік ала алмай жүр­генін, сондай-ақ дәрі-дәрмек сатып алуға қаражаты жетпейтінін айтты. Депутат Айкүл Күзенбайқызы Қ.Жұматаевтың толық медициналық тексерістен тегін өтуіне, тиісті тө­лемақыны алуы үшін мүгедектікті рәсімдей алуына ықпал етті. Екі жыл­дан астам уақыт бойы шешіл­меген мәселенің оң шешімін тап­қанына ризашылығын білдірген тұрғын аудандық партия филиалына арнайы келіп, партия мүшелеріне алғысын жаудырды. Еске сала кетейік, Түркістан об­лысында «Nur Otan» партиясынан облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарына 263 депутат сай­лан­ған болатын. Олардың 37-сі облыстық мәслихат депутаттары. 2021 жылдың бірінші тоқсанында Түркістан облы­сында барлық деңгейдегі мәслихат де­пу­таттары 410 жеке қабылдау өт­кі­зіп, тұрғын­дардың 1 139 өтінішін қарады.

Әбілмансұр ЖАСАН