Жұмысшылар жағдайына көңіл бөлді

Жұмысшылар жағдайына көңіл бөлді

Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтоғай кен байыту комбинаты құрылысының екінші кезеңі туралы ақпарат берілді. Заманауи және цифрлық технологиялар қол­данылатын нысан пайдалануға берілгеннен кейін, ол әлемдегі мыс концентратын өндіретін ірі кәсіпорындардың қатарына қо­сылуға мүмкіндік алады. Жобаға 1,2 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынады. Мұнда қосымша 1200 жаңа жұмыс орны ашылады. Президент комбинаттың құ­рылысын аяқтап, Тәуелсіздік күні қарсаңында іске қосуды тапсырды. Олег Новачук компания қызмет­керлері Мемлекет басшысының тап­сырмасын барынша қысқа мерзімде орындап, жоспарға сәйкес өнім өндіре бастайтынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жұмысшыларға жасалып жатқан жағдай жайында, атап айтқанда, оларды баспанамен, азық-түлік­пен қамтамасыз ету, бос уақыт­та­рын тиімді өткізуді ұйымдастыру туралы баяндалды.