Артаев құнды заттарын музейге тапсырады

Артаев құнды заттарын музейге тапсырады

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ұлттық музейде «Спорт батырлары» жобасы аясында бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы, Вел Баркер кубогының  иегері Бақтияр  Артаевпен кездесу өтеді. Кеш барысында боксшы  жеке құнды заттарын  музей қорына салтанатты түрде тапсырады. 

Бұл шараның мақсаты – дене­шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттау, жастарды салауатты өмір салтына баулу. Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғаларға тиесілі бірегей мәдени құндылықтар мен тарихи заттарды сақтап, оны кейінгі ұрпаққа дәріптеу. Осындай мақсаттағы шаралар музейде жиі өтеді. Атап айтқанда, Ұлттық музей қоры спортшының халықаралық жарыстарда киген спорттық киімдері (2003-2006 жыл­дары), бокс қолғабы, шлем және Афина Олимпиадасы ойынында киген боксшы халатымен толығады. Алдағы уақытта аталған заттар Ұлттық музей залында экспозицияланады. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ спорт және мәдениет саласының өкілдері қаты­сады.

А.ЖОЛДАС