12 мамырға арналған ауа райы болжамы
12 мамырға арналған ауа райы болжамы
5,129
оқылды

Батыс Қазақстан облысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с соғады.

Атырау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде кей жерлерде -2 градус үсік жүреді. Түнде Павлодар облысында кей жерлерде 1 градус үсік күтіледі, қүндіз солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ, тұман, дауыл соғуы ықтимал.