Ауызсу құбырын ұрлаған ұры ұсталды
Ауызсу құбырын ұрлаған ұры ұсталды

Қызылордада ауызсу құбырын ұрлаған ұры ұсталды.

Polisia.kz-тің мәліметінше, 5 мамыр күні Қызылорда қалалық ПБ-ның Ақсай полиция бөлімшесіне мемлекеттік коммуналдық мекеменің басшысы арызданған. Оның айтуынша, түскі уақытта белгісіз біреулер мекемеге тиесілі полиэтиленді ауызсу құбырын және ауызсуды бақылау бөшкесін ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын – 200 мың теңгеге жуық.

Полицейлер күдіктіні ұстады. Ол кінәсін мойындады. Айғақ заттар иесіне қайтарылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.