- Тірі мал басын шетелге шығаруға шектеу қойылды. Бұл дұрыс па?
Бұл дұрыс емес, өйткені ашық нарықтық экономикада шектеулер бағаның өзгеруіне алып келеді. Мысалы, осы шектеу біздің еліміздегі мал басына бағаның түсіп кетуіне (ол деген сөз кішігірім) фермерлердің табысына кері әсер тигізгеніне алып келді. Шектеу қойған шенеуніктердің ойынша, "Қазақстаннан мал шықса, еліміз малсыз қалады" деп ойлады. Керісінше, малдың төлі сатылмай жатса, ол малмен кім айналысады деп ешкім ойламаған.- Егер министр қызметіне қайта шақырса, барасыз ба?
Шақырса, бармайтын едім. Өйткені менің ойымша қазіргі үкімет дәрменсіз. Ол жерде құр барып кресло алып отырғаннан қоғамға, салаға бір пайдасы тие қоймас деп ойлаймын.- Кезінде мал терісін экспорттауға шектеу қойылды. Бұл тиімді саясат па?
Бұл тиімсіз. Бұған үкіметтің көзі жетті. Сондықтан да былтыр бұл шектеу алып тасталды. Соның әсерінен бұрын бір теріге 8-10 мың теңге алып жүрген фермерлер, қазір ол теріні жай, ақысыз далаға тастауға мәжбүр болып жатыр. Бұл - бір, екіншіден, соны сатып алған, сол арқылы өздерінің отбасын асырап жүрген кішігірім фермерлер бәрі банкротқа ұшырады.- Ауыл шаруашылығы министрі қызметінде қандай жоспарларыңыз іске аспай қалды?
Өте көп. Мысалы, оның ішінде, ауыл шаруашылығын сақтандыру жүйесін қалыптастыру. Біз үлгермедік. Тиісті заңдарды қабылдадық, артында заң асты документтерді қабылдамау себебінен сақтандыру жүйесі ауыл шаруашылығында толыққанды жұмыс істемей тұр. Кооперация заңын 2016 жылы қабылдадық, бірақ оны ары қарай түсіндіру, насихаттау жұмысы арқылы кооперацияның жақсы үлгілерін, жақсы нұсқаларын іске асыру ол біздің сол уақыт шеңберіне сыймады.- Субсидия көлемі қысқарып келеді. Бұған көзқарасыңыз қандай?
Субсидияның көлемі қазіргі уақытта ауылшаруашылық өнімнің өсуіне сәйкес болмай тұр. Өнім әлдеқайда өсуі көп, субсидияның өсімі баяулап қалды. Сондықтан қысқарды деп айтуға болмайды. (Бұлдың) Баяулауы да дұрыс емес, өйткені біздің экономикалық одақта бірдей, біздің одақтастарымыз Ресей, Беларусь секілді елдер ауылшаруашылық саласын бізге қарағанда көбірек субсидиялайды. Сондықтан біз оларды бір одақта конкуренцияға төтеп беру үшін сол мөлшерде солардың деңгейінде субсидиялауымыз қажет болып тұр.- Ұсақ шаруашылықтарды қосып, ірі кооперативтер құру саясаты неге сәтсіз болды?
Бұл компанияны сәтсіз болды деп айтуға болмайды. Кооперацияның заңы 2016 жылы ғана іске қосылды. Одан бері жақсы бір сондай нұсқалар пайда болды деп айта алмаймын. Өйткені көбіне бұл кооперативтер жоғары жақтан, шенеуніктердің инициативасымен құрылды. Ал кооперация деген төмен жақтан басталуы керек. Ол үшін сол кішігірім, майда фермерлерге кооперацияландырудың пайдасын түсіндіру қажет. Сондықтан олар өздерінің жүрегі арқылы, өздерінің экономикасы, микроэкономикасы арқылы оны сезінбесе, ешбір жоғары жақтың бұйрығымен кооперация жүрмейді.- Мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту кезінде ветеринарлардың да санын азайту дұрыс па?
Жалпы шенеуніктердің санын қысқарту ол өте дұрыс, әсіресе пандемия кезінде онлайн жұмыс арқылы көзіміз жетті, сонша көп шенеуніктің қажеті жоқ, сонша көп жиналыстардың қажеті де жоқ. Ал бірақ етікті киіп, укол салып, вакцина салып жүрген ветеринарлар шенеунік емес, олар жұмыскерлер, сондықтан оларды қысқарту дұрыс емес.- Ішкі нарық етпен толық қамтылса да, неге ет бағасы жиі қымбаттайды?
Қымбаттау деңгейі біздің жалпы инфляция деңгейінен асып жатқан жоқ. Ет аспаннан салбырап түспейді. Етті өндіру үшін қажетті ресурстар, өзіндік құнына кіретін басқа да тауарлардың қымбаттамауы қажет. Қазіргі заманда бәрі қымбаттап жатқан кезде одан шығатын өнім ет, сүт, май ол да қымбаттауы – заңды нәрсе.- Пандемия кезінде азық-түлік бағасының өсуі агрокешеннің әлі де әлсіз екенін көрсетті деуге бола ма?
Жоқ, болмайды. Өйткені бірнеше пайыз деген біздің инфляцияның деңгейіне толық кіреді. Біз тек азық-түлік бағасының өсуін ғана томпақтатып айтамыз. Ал бірақ ауылшаруашылық өнімін өндіру үшін қажетті ресурстардың өсуін айтпаймыз. Өйткені олардың өндіру үшін қажет ететін ресурстарының бағасы өсіп жатқанда, ауылшаруашылық тауар, өнімдерінің де өсіп отыруы - экономикалық заңдылық.- Фермерлер ауылда жұмысшы аз дейді. Бұл мәселені қалай шешуге болады?
Мәселені ауыл шаруашылығының тиімділігін, табысын көбейту арқылы шешуге болады. Егер фермер көбірек табыс тапса, ол жалданатын жұмыскерлерге жалақыны да көбірек береді.- Шошқа майы қосылмаған 100% халал шұжық өндіру мүмкін бе?
Әрине, мүмкін. Ондай стандарттар, ондай шұжық брендтері, рецептері өте көп. Бірақ ол рецептпен, сол жолмен өндірілген шұжық өте қымбат болады. Сондықтан дүкен сөрелерінде бірдей уақытта қымбат, бірақ жақсы тауар жатқанымен, анау біздің техникалық стандартқа сәйкес келмейтін, импортталған, бірақ жарнамасы күшті, бренді жақсы дамыған дұрыс емес шұжықтар жатса, әрине, тұтынушы барып дұрыс емес, арзан тауарға барып ұрынады. Сондықтан менің айтқанымдай, біздің елімізде техникалық стандарттарды қадағалау мәселесі өте маңызды болып отыр.- Фермер болсаңыз, шаруашылықтың қай түрімен айналысар едіңіз?
Ауылшаруашылық салаларының ішіндегі мына сала деп бөлек айтқым келмейді. Әрбір сала, ауылшаруашылық саласындағы ол өсімдік шаруашылығы болсын, мал шаруашылығы болсын, басқа да жылыжаймен айналысу, бау-бақшамен айналысу - бәрі егер дұрыс айналыссаң, өте тиімді, қоғамға өте қажет, сұранысқа ие салалар.- Қазір агросектордағы қандай мәселені шұғыл шешу қажет?
Фермерлердің қаржы көзіне қолжетімділігі өте төмен. Сол мәселені шешуіміз керек. Экспортты ұлғайту, экспорт нарықтарына шығу жолдарын арттыру. Жалпы саладағы субсидияның тиімділігін көбейту реформаларын өткізу өте қажет. Біраз субсидияларды әлі де қысқарту керек, біраз субсидия түрлеріне қаржы көздерін көбейту керек.- Сіздіңше, тәуелсіздіктің ең үлкен жетістігі қандай?
Меніңше, біздің тәуелсіздіктің ең үлкен жетістігі - егемендігіміз және біздің елдің шекараларын көршілермен толық бекіту. Тек қана делиминтация емес, демаркация өткізген өте үлкен жетістік, әсіресе, Қытай елімен.