Tengrinews.kz-тің жазуынша, Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қоғамдық денсаулық басқармасымен бірлесіп эпидемиологиялық тексеру жүргізді.
Алматыда дәрігер вакцина салдырған соң екі күн өткен соң үйінде құлап, қайтыс болған еді. Қазір тергеу жүріп жатыр.«Тергеу барысында оның Ресей мен Қарағандыда шығарылған «Спутник V» вакцинасының 1-компонентін салдырғаны анықталды. Әйелде жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы ауруы болған, ол тіркелген жері бойынша диспансерлік есепте тұрған», – дейді комитет өкілі.