Ashyq қосымшасы: қызыл мен сары түс болса, билеттің ақшасын кім қайтарады?

Ashyq қосымшасы: қызыл мен сары түс болса, билеттің ақшасын кім қайтарады?

Әуежайда Ashyq қосымшасы осы аптадан бастап жұмыс істеп тұр. Алдыңғы екі күнде жүйе тест режимінде іске қосылған. Сол аралықта 1 адамда «қызыл», 4 адамда «сары» түсті статус анықталып, ғимараттың кіре берісінен кері қайтарылған.

Ashyq қосымшасының бүгіннен бастап ресми іске қосылуына байланысты барлық келушіге алдын ала қосымшаны жүктеп алып, өз статусын тексеру қажет. Ал жолаушылар билет сатып алмай тұрып статусын анықтау керек. Оны Ashyq.kz қосымшасы арқылы QR кодпен тексереді. «Сары» және «қызыл» түсті статусы бар жолаушыларға әуежайға кіруге рұқсат жоқ. Әуежайға келмес бұрын мобильді қосымшаны жүктеп алып, Ashyq.kz сайтына кіріп, үйде отырып, өз статусын біле алады. Жолаушының статусы «қызыл» түсті екені әуежайда анықталса, билет құны қайтарылады. Ол үшін әуе компаниясына жүгіну қажет.

«Қызыл» немесе «сары» статус анықталған жолаушыларды әуежайдың өз алгоритмі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдеріне тапсырамыз. СЭС және полиция қызметкерлері бізбен бірге 24 сағат бойы жұмыс істеп жатыр», – дейді әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.

Ashyq қосымшасында Қазақстан азаматтары жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), ал шетелдіктер ЖСН орнына паспорт нөмірі арқылы өз мәртебесін анықтай алады.