Грузияда қайтыс болған Әсел Айтпаеваның мәйітін елге анасы алып келді
Грузияда қайтыс болған Әсел Айтпаеваның мәйітін елге анасы алып келді
97
оқылды

«Хабар 24» арнасының хабарлауынша, марқұмды туыстары астана маңындағы Қабанбай батыр ауылында жерлемек.

Жас қыздың денесін бір сағат бұрын Тбилисиден анасы алып келген.

«Әсел өз еркімен көпқабатты үйден секіруі мүмкін емес», – дейді анасы.

Оның өліміне 4 адамның қатысы болуы мүмкін. Төртеудің біреуі – қайтыс болған қыздың күйеу баласы. Ол Әсел Айтпаеваны Грузияға жұмыс істеу үшін шақырған.

Ал Грузияның Бас прокуратурасы Әсел Айтбаеваның өліміне қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.