ӘМСҚ басшысы жалақысының мөлшерін айтты
ӘМСҚ басшысы жалақысының мөлшерін айтты
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы Болат Төкежанов өзінің жалақысы қанша екенін айтты. 
«Менің жалақым айына 1 млн 500 мың теңгені құрайды. Былай алып қарасаңыз, маған дейін істеген төрағалармен салыстырсақ, қаржыландыру көлемі 2019 жылдан бері екі есе ұлғайды – 1,8 трлн теңге. Ал бірақ еңбекақым ол кісілерге қарағанда 20 пайызға төмендеген», - деді Болат Төкежанов брифингте.