Артур Платонов Семейдегі бірқатар депутатты партия қатарынан шығаруға қатысты пікір білдірді
Артур Платонов Семейдегі бірқатар депутатты партия қатарынан шығаруға қатысты пікір білдірді
103
оқылды
11 мамырда әлеуметтік желілерде Семей мәслихаты депутаттары Б.С. Қайрамбаевты, Р.С. Хазиповты және А. Е. Мәшімовті партиядан шығару және мандаттарын кері қайтарып алу мәселесі бойынша «Nur Otan» партиясы мүшелерінің бейнеүндеуі жарияланды. Мәжіліс депутаты Артур Платонов партиялық бақылау комитеті қалыптасқан жағдайды объективті және жан-жақты қарастырып, партияның жарғысына сәйкес облыстық Саяси кеңес бюросының отырысында бақылау комиссиясымен бірлесіп тиісті шешім қабылдауды ұсынды.
«Партия жарғысы мен «Nur Otan» партиясының әдеп кодексіне сәйкес, партия қатарынан шығару және мәслихат депутаттарының мандаттарын қайтарып алу туралы мәселе қалалық партиялық бақылау комиссиясының құзыретіне жатады және оны Семей қаласының Саяси кеңесінің бюросы қабылдайды. «Nur Otan» партиялық бақылау комитеті қоғамдық резонансты ескере отырып, қалыптасқан жағдайды объективті және жан-жақты қарастырып, партия жарғысына сәйкес облыстық Саяси кеңес бюросының отырысында облыстық партиялық бақылау комиссиясымен бірлесіп тиісті шешім қабылдауды ұсынды», - деді «Nur Otan» партиялық бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов.
Платонов партиялық бақылау комитеті тәуелсіз орган және оның төрағасын Саяси кеңес бюросы бекітетінін атап өтті. Яғни, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Nur Otan» орталық аппаратында Семей мәслихатының қандай да бір депутатын алып тастау туралы шешім қабылдау құқығы жоқ. «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі облыстық бюросы бұл мәселені мұқият және жан-жақты қарау қажеттігін атап өтті.