Сұлулық салонына барған әйел шашын бояғаннан кейін ауруханаға түсті
Сұлулық салонына барған әйел шашын бояғаннан кейін ауруханаға түсті
141
оқылды
Орал қаласының тұрғыны Зульфия Длимбетова 10 мамырда шашын бояу үшін ZAMA Сұлулық және денсаулық орталығына барған. Жәбірленушінің айтуынша, салон қызметкері аллергия бойынша алдын ала тексерусіз шашын бояған, – деп жазады  "Уральская неделя".
Бояуды жаққаннан кейін 20 минуттан кейін қатты қышып жатқанын айтып, бояуды жууды өтіндім. Алайда Оксана 15 жыл бойы осы бояумен бояп келе жатқанын айтып, жуудан бас тартты, – дейді Зульфия Длимбетова.
Осыдан кейін Зульфия бояудың бас терісіне әсер етуіне байланысты ісініп, тұншыға бастаған. Оның айтуынша, салон қызметкерлері жедел жәрдем шақырудан бас тартқан. БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі  осындай жағдай болғанын растады.
«Бригада келген бойда алғашқы медициналық көмек көрсетіп, пациентті реанимацияға жеткізді. Аллергиялық реакция. Қазір жағдайы тұрақты, терапия палатасына ауыстырылды», - деді басқармадан.
ZAMA Сұлулық және денсаулық орталығына телефон шалғанда тұтқаны көтерген қыз басшылық түсініктеме беруден бас тартатынын, егер директор қажет деп санаса, өзі хабарласатынын айтқан. Ал Зульфия Длимбетова полицияға арыз жазғанын, сондай-ақ сотқа талап арыз беру ниеті барын жеткізді.