Алматыда екі көлік соқтығысты
Алматыда екі көлік соқтығысты
90
оқылды
Алматыда Жандосов көшесінде жаппай жол апаты болды, бір адам жарақат алды, ал кінәлі жүргізуші оқиға болған жерден қашып кетті, деп хабарлайды sputnik.kz. Nissan Cefirо жүргізушісі Жандосов көшесімен келе жатып, Береке көшесіне жетпей, белгісіз себептермен қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Rav4 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Toyota Rav4 жүргізушісі жарақат алды, ол түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жол апаты болған жерде полицейлер мен криминалистер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Жол полициясы қызметкерлері қашып кеткен жүргізушіні іздеуге кірісті.