Жәнібек Әлімханұлы экс-чемпионмен жекпе-жекке шығуы мүмкін
Жәнібек Әлімханұлы экс-чемпионмен жекпе-жекке шығуы мүмкін
183
оқылды
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) WBA ұйымының бұрынғы чемпионы, америкалық Роб Брантпен (26-2, 18 КО) жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz. Ақпарат бойынша, жекпе-жек маусым айында Лас-Вегаста өтуі ықтимал. Брант 2018 жылы WBA (Regular) титулы үшін айқаста Риота Муратаны (14-2, 10 КО) жеңген болатын, алайда, бір жылдан кейін өткен қарымтада жапиониялық боксшы Робты нокаутқа түсірді. Америкалық боксшы кейінгі рет рингке былтыр тамызда шығып, украиналық Виталий Копиленконы (28-3, 16 КО) жеңген. Жәнібек рингке Virgin Hotels шаршы алаңында өтетін бокс кешінде шығады деп жоспарланған. Қазіргі таңда WBO Global және WBC Continental Americas титулдарына ие қазақстандық АҚШ-та жаттығып жүр. Ол 27 ақпанда Алматыда жұдырықтасуы керек болатын, бірақ жарақатына байланысты бұл кездесу өтпеді.