Ақтөбеде көпқабатты үйдегі пәтер өртеніп, 10 адам эвакуацияланды
Ақтөбеде көпқабатты үйдегі пәтер өртеніп, 10 адам эвакуацияланды
109
оқылды
Ақтөбеде көпқабатты үйде пәтер өртеніп, арнайы баспалдақ арқылы 10 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбе қаласы Киселев көшесіндегі көпқабатты үйде пәтер өртенді. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік бөліміне сағат 17:55-те хабарлама түсіп, оқиға орнына 3 техника мен 12 адам жіберілген.
«Өрт сағат 18:30-да сөндірілді. Пәтерде асүй жиһазы мен тұрмыстық заттар жанған. Өрт кезінде 10 адам баспалдақ арқылы эвакуацияланды. Оның үшеуі бала. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауға шақырады», –  деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.