13 мамырға арналған ауа райы болжамы
13 мамырға арналған ауа райы болжамы
130
оқылды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Кей өңірде жел күшейеді, оңтүстік және солтүстікте – тұман, оңтүстік батыста – шаңды дауыл күтіледі, шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с, Түркістанда желдің екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман бақыланып, күндіз желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл, Атырау, Павлодар, күндіз Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстанда жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында – тұман, күндіз Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Қызылорда, Алматы облысында өрт қаупі бар.