Президент жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңға қол қойды
Президент жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңға қол қойды
181
оқылды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Аталған заң бойынша ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ, қандастарға жекеменшікке және жалға беруге тыйым салынады. Осылайша, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану құқығы тек қана Қазақстан азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларға беріледі. Заңның толық мәтіні БАҚ-та жарияланады.