Полицейлер марқұм әріптесінің сәбиін перзентханадан шығарып алды
Полицейлер марқұм әріптесінің сәбиін перзентханадан шығарып алды

Ескелді ауданы жергілікті ювеналды полицияның жасөспірімдер ісі бойынша тобының учаскелік инспекторы, полиция капитаны Қуаныш Рахметов былтыр қыркүйекте қайтыс болған. Артында төрт баласы мен жүкті келіншегі қалған еді.

  [caption id="attachment_136568" align="aligncenter" width="710"] width= Полиция капитаны Қуаныш Рахметов. Фото: Алматы облысы ПД-нен алынды[/caption]

Ескелді аудандық полиция бөлімінің бастығы Қайрат Баймұханов: «Өкінішке қарай, әріптесіміз өмірден ерте кетті. 38 жасында көз жұмды. Қуаныш Қайрылқанұлы ішкі істер органдарында 2005 жылдан бері қызмет етті. Білімді, сыпайы, қарапайым еді. Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Жақын адамыңды жоғалтудың қандай ауыр екенін түсінеміз. Біз әріптесіміздің отбасы көмекке мұқтаж кезде шет қалмаймыз. Оның кенже ұлы дүниеге келген күні шамамызға қарай көмек берейік деп шештік», – дейді.

Марқұм полицейдің отбасы тәртіп сақшыларына алғыс айтты.