«Өз ағашыңды отырғыз» челленджі басталды – видео
«Өз ағашыңды отырғыз» челленджі басталды – видео
122
оқылды

«Бірге Таза Қазақстан» экологиялық айлығы аясында елорда тұрғындары тазалық пен денсаулыққа қамқорлық жасай отырып, «Өз ағашыңды отырғыз» челленджін бастады. Бұл туралы astana.gov.kz жазды.

Жылына 1 гектар жапырақты ағаш 100 тоннаға дейін шаң жинайды. Осыны ескеріп, елорда тұрғындары «ағаш отырғыз» челленджін бастады. Оны қаладағы қызмет көрсету ұйымдары – ПИК және МИБ белсенді қолдады. Азаматтар көшеттер сатып алып, өз ауласына, үйінің жанына отырғызады. Еске сала кетейік, елорданың барлық ауданында «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық айлығы өтіп жатыр. Әкімдік өз тарапынан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саябақ аумақтарын, тұрғын үй алаптары мен аулаларды ғана емес, қаланың көрікті жерлерін де жаппай көгалдандырады.   https://youtu.be/X6I0_6max6M Қаланы жаппай көгалдандыру экологияны жақсартып қана қоймай, қала тұрғындары серуендейтін орын құруға, сонымен қатар қаланың климаттық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.