Жамбылда Ораза айтына орай қоғамдық көліктер тегін қатынауда
Жамбылда Ораза айтына орай қоғамдық көліктер тегін қатынауда
107
оқылды
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілдігі Ораза айтына орай тұрғындарды тегін тасымалдауда. Қасиетті мерекеде жолаушы тасымалдайтын автобустар  Сарысу ауданы Жаңатас қаласынан Тараз қаласына халықты тегін жеткізіп беріп жатыр. Аталған ауданнан облыс орталығына қоғамдық көліктер жиі қатынамайтындықтан, Діни басқарманың өкілдері осындай игі істі қолға алған екен. Таңсәріден жүріп жатқан қоғамдық көліктердің қызметіне қара халық дән риза. Тіпті, олар Таразға бір тиын шығармай жеткендеріне сенер емес.  

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы