Шаруа қожалығының басшысы мұқтаж отбасыларға 1 млн теңге зекет берді
Шаруа қожалығының басшысы мұқтаж отбасыларға 1 млн теңге зекет берді
223
оқылды
Ақтөбе облысының орталық "Нұр Ғасыр" мешітінде ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қорының Ақтөбе облысындағы жауапты өкілі Алмат Амангелдіұлының ұйымдастыруымен қайырымдылық  іс-шарасы өтті. Іс-шарада "Айжарық" шаруа қожалығының басшысы Қажымұқан Тыныштықұлы мұқтаж отбасыларға зекет үлестірді. Облыстың бас имамы Төлеби Оспан жиналған қауымға қайырымдылық пен жақсылықтың сауабы жайлы уағыз-насихат айтып, зекет табысты берекелендіріп, отбасына құт әкелетінін жеткізді.
«Мұқтаж жандарға көмек көрсетіп жатқан Қажымұқан Тыныштықұлына алғыс білдіреміз. Ауқымды қаражатты зекет ретінде таратуы  жомарттығы әрі Алланың әміріне бағынуы деп білеміз. Алла сарқылмас сауаптар жазсын!", - деді бас имам.
Осылайша, мұқтаж және көпбалалы отбасылар мен Ақтөбе медресе-колледжінің шәкірттеріне көмек берілді. Мұқтаж 30 адамға жалпы ақшалай 1 млн теңге таратылды.