БҚО-да жас жігіт 17 тұрғынды алдап кеткен
БҚО-да жас жігіт 17 тұрғынды алдап кеткен
Батыс Қазақстан облысының 17 тұрғынын алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 24 жастағы азаматша алаяқтың құрбанына айналған. Өзіне жиҺаз жасатпақ болып, Оралдағы жиҺаз құрастырушысының бірінің көмегіне жүгінген. Ер адам жәбірленушінің сеніміне кіру арқылы, 260 мың теңгеден астам қаражатын жымқырып кеткен. Қабылданған шаралар бойынша  25 жастағы Ж. есімді азамат анықталып, ұсталды. 1996 жылы туған азаматтың тұрақты жұмысы жоқ және тұрғындарды алдау арқылы пайда тауып келген. Анықтау барысында, оның сонымен қатар БҚО-ның 17 тұрғынын жиһаз жасаймын деген желеумен алдап, ақшаларын жымқырған. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Қазір қамауға алынды. Қазіргі таңда ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлімі (Алаяқтық) бойынша сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.