БҚО-да жаппай қырылған 380-ге жуық киік анықталды

2021 жылдың 13 мамырында БҚО Жәнібек ауданының Тау ауылы маныңда 372 киіктің жаппай өлгені (басым бөлігі аналық төшкелер) анықталды.

Оқиға орнына қажетті іс-шараларды жүргізу үшін шұғыл түрде Экология департаментінің, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті инспекциясының, ветеринария басқармасының, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тартылуда.

Болжам бойынша киіктердің қырылу себептерінің бірі сол мекенде қолайсыз ауа-райына (нөсерлі жауын мен найзағай) байланысты болуы мүмкін. Себебі ұшаларда найзағай разрядынан алған зақымдану іздері байқалады.

Құзырлы мемлекеттік органдардың зерттеу қорытынды жұмыстары аяқталған соң нақты нәтижелері қосымша хабарланатын болады.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.