Алматы облысында екі әйел мектеп оқушысын аяусыз ұрып-соққан

Алматы облысында екі әйел мектеп оқушысын аяусыз ұрып-соққан

Алматы облысында екі әйел мектеп оқушысын аяусыз ұрып-соққан. Алматы облысында полиция 16 жастағы оқушыны ұрды деген күдікпен екі әйелді іздеп жатыр, – деп жазады Sputnik Қазақстан. Жарақат алған қызды белгісіз екі әйел соққыға жыққан фотосурет әлеуметтік желілерде жарияланды. 

"Оқиға бүгін, 13 мамырда, сағат 18:35 шамасында Боралдай ауылындағы  аялдамалардың бірінде болған. Мәліметтер бойынша, жанжалға байланысты екі әйел кәмелетке толмаған қызды ұрып тастаған, содан кейін олар оқиға орнынан таксимен қашып кеткен. 16 жастағы зардап шегуші Алматыдағы №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл факт Іле ауданының полиция бөлімінде тіркелген. Қазіргі уақытта күдіктілердің тұрғылықты жерін анықтау және оларды одан әрі ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ПД.